Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.12.2014

Аула шыршасы


 

Кеше  Бостандық ауданы №19 округ  бойынша Алматы қаласы Мәслихат депутаты Сапаров А.Е., және  «Жігер», «Қамқор» ПИК төрағаларының  қолдауымен,  ауданы  әкімі аппаратының жергілікті өзін өзі басқару комитетінің жетекшісі Усенова З.Д. және бас маманы Қожахметова Р.С. ұйымдастыруымен №19 округ тұрғындарына арналып жаңа жылдық аула шыршасын өткізді.

 Мерекені Бостандық ауданы №19 округ  бойынша Алматы қаласы Мәслихат депутаты Сапаров Ақылбол Есболұлы ашып, жиналған тұрғындарды келе жатқан жаңа жылдарымен құттықтап, мерекелік көңіл күй тіледі.


Шыршаға жиналған  ересек және кішкене  тұрғындар Аяз ата мен ақша қарды қарсы алып, шыршаны айнала жүріп ән салып, би біледі.Арнайы шақырылған ертегі кейіпкерлері  жиналған қонақтармен ойын ойнап, би билеп мерекені қызықтыра түсті.

Шара барысында үздік костьюм,үздік ән, тақпақ айтқан бүлдіршіндер ерекшеленіп Аяз ата қолынан  сыйлықтар алды.

№19 округ тұрғындары жыл сайын ұйымдастырылғантын бұл мерекені асырға күтеді. Осындай мерекелік жиындар тұрғындар арасында тек көңіл күй сыйлап қоймай, сонымен қатар атқарушы үкімет арасын жақындатып, ынтымақтастыққа тартады  және ежелген келе жатқан жаңа жылды қарсы алу  дәстүрін сақтап қалуға жұмылдырады.

25.12.2014