Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.12.2017

Аудандық Жаңа жыл шыршасы өтті


Қазақ мемлекеттік цирк сахнасында Бостандық ауданы әкімінің атынан жаңа жылдық шырша өтті.

           

Дәстүрге айналған жаңа жылдық тартуға оқу озаттары, дарынды балалар, шығармашылық, олимпиада және спорттық сайыстардың жеңімпаздары, сондай ақ әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы, көпбалалы отбасы, жетім және мүгедек балалар шақырылды.

           

Цирк әртістеру балаларға арнап «Жаңа жылдық ғажайыптар» атты мерекелік бағдарламасын ұсынып, үйретілген ит, мысықтар мен орман алыбы аю өнер көрсетті.

           

 Аяз ата мен Ақша қар   мерекеге жиналған қонақтарды келе жатқан жаңа жылдарымен құттықтап  мерекенің сәні Шырша шамдарын жақты.

           

Цирк соңында барлық балаға Бостандық ауданы аудан әкімі  атынан тәтті сыйлықтар таратылды.

           

           


25.12.2017