Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.11.2017

Аудан тұрғындарын екпемен қамту туралы семинар-кеңес өтті


    2017 жылдың 22 қарашасында Алматы қаласы Бостандық ауданы қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасында бақылаудағы перзентханалармен, емханалар  басшыларымен   тұрғындар арасында  екпеден бас тарту жағдайлары бойынша   семинар-кеңес  өтті

           

  Семинар барысында Қазақстан Республикасында  профилактикалық егулерден бас  тартудың алдын алу  жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы  2017 жылдың 6 маусымындағы №395 бұйрықты  талқылау және  екпеден бастарту  жағдайларды анықтау, халықты екпемен 95,0 пайызға қамту  мәселелері  талқыланды.

                    

 Жиын қорытындысында әр медициналық мекемеде вакцинациялардың тиімділігі және профилактикалық егулерден бастартудың салдары туралы  ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша консультативтік топ құру, үнемі бас тартатын ата аналармен олардың жауапкершілігі және бас тартудың салдары туралы кездесу өткізу, вакцинациялауға  сауалнама  жүргізу  тағы басқа сол сияқты  іс-шараларды ұйымдастыруға  тапсырмалар  берілді.        

          

 

25.11.2017