Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.10.2018

Аудандағы заңсыз дүңгіршектер жойылуда


Бүгінгі таңда ауданда қаланы абаттандыру ережелеріне сәйкес келмейтін, өрт және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтамаған немесе аталмыш құжаттар жоқ заңсыз сауда объектілерін жою жұмыстары жалғасуда.

           

2018 жылы 24 қазанда Бостандық ауданындағы Гагарин мен Жандосов көшелерінің қиылысында заңсыз орнатылған дүңгіршек жойылды. Шараны жүргізу кезінде жүргізілген әңгіме нәтижесінде Г.А. Зейноллина аудандық әкімдікке кепілдеме хат жазды, онда ерікті түрде жойылуы жүзеге асырылды.

Ескере кетейік, 2018 жылдың басынан бері Бостандық ауданында 165 тұрақты емес сауда нысандарын жойылды. Бұл жұмыс Алматы қаласының жерді пайдалану және қорғау мониторингі бөлімінің қызметкерлерімен, сондай-ақ ауданның уәкілетті органдарымен бірлесіп жүргізілуде.

Егер заңсыз сауда дүңгіршектері мемлекеттік жерде орнатылған болса, ерікті түрде жою қажеттілігі туралы иесімен түсіндірме әңгіме өткізіледі. Бас тарту жағдайында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес иесіне қарсы әкімшілік шаралар қабылданады.

25.10.2018