Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.09.2019

Аудан әкімдігінің «Ашық есік күні» өтті


Бостандық ауданының №68 жалпы білім беру мектебінде «Естуші мемлекеттік қызметкер» тұжырымдамасын іске асыру аясында аудан әкімдігінің кезекті «Ашық есік күні» өтті.

Бірнеше сағат ішінде Бостандық ауданы әкімі Алтай Рақымбетов пен әкім аппаратының мамандары 14 адамды қабылдап, олардың сауаларына жауаптар берді.

Негізінен аудан тұрғындарын толғандыратын сұрақтары газбен қамтамасыз ету, ауыз судың жетіспеуі, құбырлардың тозығы жетуі және көшемен ауланы жарықтандыру мен абаттандыру төңірегінде болды.

  Айта кетейік, «Ашық есік күндері» осы жылдың соңына дейін әр сейсенбі күні өтеді.

 

«Ашық есік күні» кестесін осында көре аласыз Ашық есік күндер кестесі 2019ж.doc


25.09.2019