Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.09.2018

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау бойынша семинар өтті


Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің басшысы- Тюлебаев Равиль Қуанышбекұлының қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселесі бойынша семинар-жиналысы өтті.

           

Жиынға Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының орынбасары- Әлімхан Шынарай Әлімханқызы, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары - Балбаева Маржан Ертайқызы, аппарат басшысы Алиярова Батима Жақсылыққызы және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілер қатысты.

           

Шара барысында Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормалары талаптарын және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын түсіндірілді. Шара барысында мемлекеттік қызметшілермен қойылған сұрақтарға жауап берілді және «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» туралы бейне роликтер көрсетілді.

25.09.2018