Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.06.2019

Ауданда Президеттік тест өтті


Алматыда халық арасында жыл сайын өтетін Президенттік тест, дене шынықтыру жарыстары өтті.

 

 Алматы қаласы Спорт басқармасы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы №103 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 20 маусымында Алматы қаласы Спорт басқармасының ұйымдастыруымен Орталық стадионда жазғы спорт түрлерінен қалалық президенттік тесті өткізілді.

    

Жарысқа 11 жас аралық категория бойынша қала аудандарының жеңімпаздары қатысты.

 

Бостандық ауданы атынан қатысқан спортшылар өз өнерлерін көрсетіп келесі нәтижелерге қол жеткізді:

9-10 жас қыздар арасында 2-орын,

12-13 жас қыздар арасында 1-орын,

14-15 жас ұлдар арасында 3-орын,

16-17 жас қыздар арасында 1-орын,

16-17 жас ұлдар арасында 3-орын,

18-23 жас қыздар арасында 1-орын,

18-23 жас ұлдар арасында 2-орын,

50-59 жас әйелдер арасында 1-орын,

50-59 жас ерлер арасында 1-орын,

60-69 жас әйелдер арасында 1-орын,

60-69 жас ерлер арасында 1-орын,

70 жас және жоғары жастағы ерлер арасында 3-орын.

Жарыстың қортындысына сәйкес, жалпы командалық есеп бойынша Бостандық ауданы 1 орынды иеленді.

25.06.2019