2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.05.2020

Алматыда 545 түлек «Алтын белгі» иегері атанды


Алматыда 9299 мектеп түлегі үлкен өмірге қанат қақты. Соның ішінде 545 түлек — «Алтын белгі» иегері, 714 оқушы оқу озаты атанды. Биыл мектептерде соңғы қоңырау алғаш рет онлайн түрде соғылды. Мектеп директорлары мен ұстаздар бұл күннің сән-салтанатын келістіріп, сезіндіру үшін қолдан келгенді жасады. Қыруар еңбек атқарылды. Төртінші тоқсанда сабақтар қашықтан өтті.

Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік білім беру ошақтарында 1356 түлек бітіріп шықты, оның 70 Алтын белгіге үміткерлер,оқу озаты 75 түлек. Ал 290 жекеменшік мектепті бітіріп отыр,онығ 13 Алтын белгі, 40 бала оқу озаты атанды.

Алтын белгі иегерлерінің айтуынша, мектеп қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы. «Осында өткізген оқушылық өмірімізде бізге алтын ұямыз осындай ұлағатты істердің ұшқынын бойымызға сіңірді, тәлімімен жүректерді суарды, байыпты бағдарын бағыт етті, білімнің көкжиегін бойымызға дарытты».

Сонымен қатар, қашықтан оқу форматы оқушыларға, ұстаздарға әсіресе ата-аналарға оңай болмады. Десе де, сенім мен күш жігердің арқасында оқу жылы ойдағыдай аяқталды.



25.05.2020