Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.05.2019

Бүгін Алматы мектептерінде соңғы қоңырау соғылды


Бүгін Алматы қаласы орта мектептерде оқу жылын аяқталуына байланысты дәстүрлі соңғы қоңырау соғылды.

Бостандық ауданының әкімі Алтай Рақымбетов № 105 гимназияда болып, мерекелік шараға жиналған оқушылар, ұстаздар мен ата-аналарды құттықтап, түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеуден жақсы нәтижелер көрсетулерін тіледі.

Өз кезегінде, «Есік жолдары» ЖШС-нің негізін қалаушы, Бостандық ауданы бойынша қалалық мәслихат депутаты Банщиков В.Ю: «Соңғы қоңырау - бұл балалық пен жастық шақ арасындағы, басты қадам және үлкен жауапкершілік. Енді сіздерге тәуелсіз шешімдер қабылдау қажет. Емтиханға сәттілік, ал ата-аналарға – шыдамдылып пен сабырлық тілеймін,- деді!

Салтанатты шараға мұғалімдер, түлектер мен олардың ата-аналары қатысты. Дәстүр бойынша бітіруші түлектер мерекелік бағдарлама дайындап, бірінші сынып оқушылары шығармашылық нөмірлермен  өнер көрсетті.

Биылғы жылы Бостандық ауданы бойынша1464 оқушы мектепті тамамдады, соның ішінде 80-і «Алтын белгі», 110-ы «Үздік аттестат» белгісіне үміткер.


25.05.2019