Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.05.2018

Бүгін мектептерде соңғы қоңырау соғылды


Бүгін Алматы қаласының барлық орта мектептеріне соңғы қоңырау үні сыңғырлады.

Бостандық ауданы оқушылары да дәстүрлі мерекеге таң ертеңмен дайындалып, мектеп алдына жиналды. Салтанатты мектептік линейкаға оқушылардан өзге ата-аналары, аға әкпелері мен мұғалімдер жиналды. Бітіруші түлектерге ақ жол тілеген ұстаздары мен мектеп директоры, енді алдағы ҰБТ ойдағыдай тапсырып жақсы көрсеткіштермен көрінулерін тіледі.

           

Мерекелік шараға жиналғандарға оқушылардың өздері дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылып, соңғы қоңырау үні соғылды.

           

Биылғы 2018 жылы Бостандық ауданы бойынша 3 681 бала мектепті бітіріп шықты, оның 1676 оқушысы 11 сыныпты аяқтады. Алтын белі төсбелгісіне 92 бала үміткер.

 

25.05.2018