Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.05.2018

Бостандық ауданы Мемлекеттік кірістер Басқармасы хабарлайды! Чекті талап етіп- өз құқығыңды қорға!


Көптеген тұтынушылар сатушылар тарапынан берілуге тиіс  чектерге аса мән бермейді. Бұл сатушылар үшін өте тиімді. Чектердің  берілмеуі шаруа субьектісінің нақты көретін пайдасын төмендетіп көрсетуге қолайлы жағдай туғызады. Бұл өз кезегінде бюджеттік салық түсімдерінің толықтылығына әсер етеді. 

 Салықтың толық мөлшерде түспеуі мемлекеттің тиісті бағдарламаларын жүзеге асыруға тікелей әсер ететінін бәріміз білеміз. Сондықтан, барлық азаматтарға, тауар сатып алғандарыңызда, қызмет алғандарыңызда міндетті түрде чекті талап етіңіз. Бұл тұтынушылар мен мемлекет үшін қажет.

 Бақылау түбіртегі туралы тұжырымдама  кассалық аппараттың бастапқы есеп құжаты болып табылады және ол сатушы мен тұтынушы арасындағы ақшалай есеп айырысу фактісін растайды. Әрбір тұтыну немесе қызмет алу кезінде сатушыдан БКМ арқылы енгізілген түбіртекті талап ету қажет. Әсіресе, тұтынушы алған  түбіртек, субстандартты өнімді сатып алған жағдайда оның құқықтарын қорғау кепілдігі және төленген сомманың кейбір бөлігі бюджетке салық түрінде өтетініне кепілдік болып табылады.

Уақытылы және толық төленген  салық соммасы зейнетақылардың, студенттік стипендияның, босанған аналардың және аз қамтылған азаматтардың жәрдемақы мөлшеріне әсер етеді. 

Сондай-ақ бюджеттік ұйымдар, медициналық қызметкерлер, мұғалімдер, әскери қызметкерлердің еңбек ақысына да әсер етеді. Мұндай жүйені Қазақстанда ендіру көлеңкелі айналымды айтарлықтай төмендетуге, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.

25.05.2018