2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.05.2015

Сыңғырла, соңғы қоңырау


  

Бүгін қаламыздың және Бостандық ауданының барлық жалпы білім беру мектептерінде салтанатты түрде соңғы қоңырау  соғылды.
Мектеп бітіруші түлектер үшін соңғы қоңырау үлкен өмірге жол бастайтын күн. Ендігіде олардың алдында маңызды сынақ ҰБТ.
                                                    
№ 140 жалпы білім беру мектеп - гимназияның салтанатты соңғы қоңырауға жиналған мектеп мұғалімдерін, бітіруші түлектер мен олардың ата-аналарды құттықтаған мектеп директоры Тілеубай Сания Өмскенбайқызы бүгінгі күннің түлектер үшін ерекше екенін атап өтіп,  алдарында тұрған Ұлттық Біріңғай Тестті жақсы тапсырып, жаңа өмір жолына дұрыс таңдау жасап, болашақта өз еліне, туған жеріне адал қызмет жасайтын азамат болуларын тіледі.
 Биылғы жылы Алматы қаласында 7 905 оқушы мектеп бітіреді, оның ішінде 6221 оқушы БҰТ тапсырады, яғни 80 пайыз. Оның 1407 оқушысы Бостандық ауданы түлектері, "Алтын белгі" белгісіне аудан бойынша 44, ал үздік белгісіне 32 оқушы үміткер.

 Ендігіде түлектердің алдында тұрған басты емтихан Алматы қаласында  2-6 маусым аралығында  жеті ЖОО базасында өтетін Біріңғай Ұлттық

Тест тапсыру. 
25.05.2015