2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.05.2015

"Алматы - гүл қала" 5-ші гүл фестивалі өтті


Алатау бөктерінде Бостандық ауданы базасында ҚР Тұңғыш Президент саябағында дәстүрлі "Алматы гүл қала -2015" фестивалі өтті.
 Биылғы жылы фестиваль бесінші мерейтойлық. Мерекенің басты көркі көлемі 450 шаршы метрді қамтыған алып гүл кілемі болды. Декоративті кілем мыңдаған гүлдер мен 30 түрлі табиғи материалдан жасалған.
Мерекені  ұйымдастыршы Алматы қаласы әкімдігі.
Шараның мақсаты: Алматы - гүл қала мәртебесін қайтару, Алматы қаласында гүл өсіру дәстүрін қайта жаңғырту, Қазақстандағы гүл өсіріп- баптау мәдениетін кеңінен танытып, дамытып, әлемдік деңгейге шығару және қала тұрғындары мен қонақтарды қаланың экологиясын дамытуға ат салыстыру.
 
Фестиваль аясында шеберлік дәрістері, көрме мен жәрмеңке өтті. Гүл безендіруден әуесқойлар арасындағы жарыс болып, оған балалар да қатысты. Ашық аспан астында кино көрсетіліп, еліміздің эстрада жұлдыздары ән шырқады.

Биылғы жылғы гүл мерекесінің басты ерекшелігі гүл, гүл және тағы да гүл. Кешке дейін жалғасқан мəдени шараға 180 мыңнан астам адам қатысып гүл мерекесі отшашумен аяқталды.
25.05.2015