2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.04.2020

Коммуналдық қызметтер үшін өтемақыны кім ала алады


Қазақстан Республикасы Президентінің карантин және төтенше жағдай кезінде төленетін коммуналдық қызметтердің көлемін азайту жөніндегі жүйелік шараларды әзірлеу туралы тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен келісім-шартқа отырған тұтынушыларға коммуналдық төлемдерді төлеуді қарастыратын шара әзірледі.

Аталған көмекке бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер, көп балалы отбасылар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар, ең төменгі зейнетақысы бар зейнеткерлер, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар өтемақы ала алады.

Мемлекеттік қызметтер шығындарының орнын толтыру үшін тұтынушы өзінің мәртебесін растау керек, ол үшін мына байланыс орталығы нөмірлеріне қоңырау шала алады:

+7 (727) 339-50-15,

+7 (727) 341-07-77.

Байланыс орталығы өз жұмысын ағымдағы жылдың 22 сәуірінде бастайды. 09.00-ден 18.00-ге дейін.

Егерде тұтынушының мәртебесі расталмаса, онда ол Алматы қаласы әлеуметтік қамсыздандыру басқармасына хабарласу қажет.

 

25.04.2020