Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.01.2018

Бостандық ауданы әкімінің кезекті есептік кездесуі Алматы энергетика және байланыс университетінде өтті


 Алматы Энергетика және байланыс университетінде Бостандық ауданы әкімі  Торғаев Бекқали  тұрғындар алдында кезекті есептік кездесуін өткізді.

           

Кездесуге Алматы қаласы мәслихат депутаты, қалалық басқарма басшылары, аудандық құрылымдық бөлім басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ПИК төрағалары, Өзін–өзі басқару комитетінің  мүшелері  мен аудан тұрғындары қатысты.

           

Есептік кездесуге жиналғандар алдында ауданның әлеуметті-экономикалық дамуына қорытындысы бойынша есеп берген аудан әкімі Бекқали Нұрғалиұлы ауданның қаржы секторы туралы  айтып өтті.

 Есепті кезең ішінде Бостандық ауданы әкімшілігінің бюджеті 6 452 млн теңгені құрды (2016 жылы 5 064,3 млн. теңге), 6 452 млн. теңгені  игерді, яғни 100% игерілді.

          

Мемлекеттік кіріс:

2017 жылдың қорытындысы бойынша Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 353,5 млрд. теңгені құрады (2016 - 330,6 млрд. теңге), болжам 101,0% орындалды, оның ішінде республикалық бюджет - 240,5 млрд. теңге , жергілікті - 113,0 млрд. теңге.

Бүгінгі таңда Бостандық ауданында 9 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істейді. 2017 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 80,6 млрд. теңгені құрады, көлем индексі - 103,5% (2016 жылы - 81,8 млрд. теңге). Ауданның өнеркәсіптік әлеуетін «Алатау Жарық Компаниялары», «Беккер және К» ЖШС, «КонкритПродактс» ЖШС, «Алматы Су» МКК сияқты және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік   компаниялар ұсынады. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 117,4% -ке өсіп, 408,2 млрд. теңгені (2016 жылы 320,9 млрд. теңге) құрады. Көтерме тауар айналымы 1 815,2 млрд. теңгені (2016 жылы - 1 471,9 млрд. теңге) құрады.

           

 Дәстүр бойынша жиынның ресми бөлімінен кейін тұрғындар мен атқарушы органдар арасындағы сындарлы диалог түрінде тұрғындарға қатысты мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Аудан әкімі барлық сұрақтарға құзыретті және жан-жақты жауаптар берді, сонымен қатар тұрғындармен көтерілген кейбір сұрақтар  аудан басшылығының жеке бақылауына алынды.


25.01.2018