Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.01.2018

Аудан активі ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдаған кезекті жолдауын талқылады.


Бостандық ауданы активі ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  атты  Халыққа жолдаған кезекті жолдауын талқылады.

           

Жиынға Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, аудандық прокурор, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық қызметтер мен ведомство басшылары, аудандық ардагерлер кеңесі, құқық қорғау органы, жалпы білім беретін мектептер мен медициналық мекемелердің директорлары қатысты.

           

Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Балбаева  Маржан Ертайқызы ашты, ол Президент Жолдауының негізгі идеясы дамудың әлемдік сапа стандарттарына деген ұмтылысты анықталуы, оның негізгі бағыттарынан туындайтын міндеттерді белгілеуді атап өтті.

           

Жиын барысында  Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) профессоры - Түлеубеков А.С., Алматы қалалық құрылыс және халықтық қолөнер колледжінің директоры - К.А. Жамангозов, №40 орта мектептің директоры А.Т. Сарбагысов, Республикалық Ұлттық кітапхананың директорының орынбасары  - Элемсова С.А., «Қоғамдық жобалар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі А. Братенков сөз алды.

           

Спикерлердің әрқайсысы өздерінің қызметіне байланысты Жолдаудың басымдықтарына баса назар аударып,  оның маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, ХАТУ профессоры  өз сөзінде университетте сандық технологияларды енгізуге және Қазақстанда бағдарламалау мен робототехниканың дамуына қолдау көрсету тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, профессор барлық салаларда жоғары және нақты мақсаттарға қол жеткізуде цифрландыруды пайдаланудың ерекшелігін атап өтті.

Кездесу соңында әкім орынбасары Балбаева М.Е. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын толық жүзеге асыру кезінде әрбір азамат қатысатын ұйымдардың әрқайсысы өзінің қызметкерлері туралы хабардарлығын кеңейтуді жалғастыру қажет деп мәлімдеді.

25.01.2018