Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.10.2019

Студенттер ҰОС ардагерін құттықтады


«Қарттар күні» айлығы аясында Жүргенов атындағы өнер колледжінің студенттері Ұлы Отан соғысының ардагері Чимботаев Турсун атаның үйде болып мерекесімен құттықтады.

 

Жас буын өкілдері Ұлы Отан соғысына қатысушы, ауданның ұзақ өмір сүрушісі қарт атаны құттықтап, оған құрмет көрсетіп, өз ризашылықтарын білдірді.

 

Студенттердің айтуынша, өз Отанын, жерін, үйін, отбасын ерлікпен, батыл жүрекпен қорғаған адамның қолын ұстап, онымен тілдесу үлкен құрмет.

Ардагер жастарды қуанышпен қарсы алып, өз естеліктерімен бөлісті, соғыс жылдарының суреттерін көрсетіп, өзі және өмірі туралы айтып берді. Осындай кез-келген кездесу шынында да әсерлі және жылы болды.


24.10.2019