Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.10.2018

Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының үйі ашылды


Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымы жаңа ғимаратқа көшті.

Жаңа ғимарат  Бостандық ауданында Ботаникалық баққа жақын Байзақов көшесінде К.Байсеитов атындағы барынды балаларға арналған музыка мектебіне қарама қарсы орналасқан.

           

Халықаралық стандарттарға және қауіпсіздік талаптарына сай салынған кеңсенің ашылуына елшілік корпустарының және БҰҰ-ның 14 өңірлік офистерінің өкілдері қатысты. Қала әкімі Бауыржан Байбек Алматының тұрақты дамуды ұстанатынын атап өтті. «Адамдарға арналған қала» концепциясы аясында қоғамдық кеңістік жаңғырып келеді. Оның ішіндемүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдайлар жасалуда. БҰҰ-ның Даму бағдарламасына сай «Тұрақты көлік» жобасы жүзеге асырылып жатыр.

           

«Алматыда 29 консулдық пен сауда өкілдіктері бар, сонымен қатар ірі трансұлттық компаниялардың 60-тан астам офисі орналасқан. Қазақстан - бейбітшілікті сүйетін әрі қауіпсіз ел. Мемлекет басшысының институционалды реформаларының арқасында тұрақты экономикалық өсім бар. Біз қаланы халықаралық ұйымдардың өңірлік хабына айналдыру үшін жүйелі жұмыстар жүргізудеміз. Бүгін ДДҰ Алматы декларациясына қол қойылғанына 40 жыл толуына арналған «Мэрлер саммитінің» өтуіне орайластырылған БҰҰ-ы жаңа үйінің тұсаукесері біздің ортақ ынтымағымыздың тарихына алтын әріптермен жазылатынына сенімдімін», - деді Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директоры Афшан Хан Алматыдағы жаңа офистің өңірлік өкілдіктер қызметіне тың серпіліс беретінін және Қазақстанның өркендеуіне үлес қосатынын, ал Қазақстанның БҰҰ одан әрі дамуына барынша ықпал ететінін атап өтті.

24.10.2018