2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.05.2020

Бостандық ауданы әкімдігі карантин кезінде азаматтарды көшеде жүру ережелерін тағы бір ескертті


Алматыда карантиндік шаралар біртіндеп жеңілдетілуде.


Соған байланысты ендігіде тұрғындар арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Бостандық ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері аудандық Ішкі істер басқармасымен бірлесіп қоғамдық орындар мен саябақтарда карантин шараларын сақтау бойынша рейдтер өткізуде.


Билік өкілдері сыртқа шығу кезінде бетперде, қолғап киіп, бейтаныс адамдармен байланыста болмауды, үш адамнан артық шоғырланбау қажеттілігін түсіндіріп, маскалар таратты. Егер вирустық инфекцияның белгілері анықталса, дәрігермен кеңесіп, негізгі гигиена ережелерін сақтауды ұсынды.


 Естеріңізге сала кетейін, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 11 наурызда әлемде жаңа коронавирустың таралуы пандемияға айналғанын жариялап, барлық елдердің үкіметтерін «шұғыл және агрессивті шаралар» қабылдауға шақырды. 16 наурыздан 11 мамырға дейін Қазақстанда төтенше жағдай күшінде болды, ал 19 наурыздан бастап алдымен Астанада және Алматыда, содан кейін аймақтарда карантиндік шаралар енгізілді. Бұл барлық күштер ресурстарды жұмылдыруға және жоғары тиімділікпен қауіпті азайтуға мүмкіндік берді.




24.05.2020