2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.04.2020

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады.

                                                        Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі. Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Отыз күн Оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналды. Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. 

Сондықтан жамағатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын орындауға, індетке қарсы күресте бірлік пен жауапкершілік танытуға шақырамын. Біз, Қазақстан халқы, қанымызға сіңген қадір-қасиеттің арқасында кез-келген сынақтан абыроймен өтеміз деп сенемін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!»,-делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.


 

 

24.04.2020