Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.01.2018

«Салық салу объектісі болып табылатын кірістер және мүлік туралы декларацияны тапсыру тәртібі» туралы түсіндірілді


  Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Аппарат басшысы Батима Жақсылыққызы Алиярованың төрағалық етуімен мемлекеттік қызметкерлерге «Салық салу объектісі болып табылатын кірістер және мүлік туралы декларацияны тапсыру тәртібі»  бойынша  түсіндіру семинар-кеңесі өтті.

           

Шараға Бостандық ауданы әкімі аппаратының қызметкерлер құрамы, жалпы саны 30 аса адам қатысты.

Семинар-кеңестің күн тәртібіне қойылған сұрақтар бойынша Бостандық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы – Д. Аймырза сөз алып «Салық салу объектісі болып табылатын кірістер және мүлік туралы декларацияны тапсыру тәртібі», туралы түсіндіріп берді.

           

 Келесіде жиналғандар назарына  персоналды басқару қызметінің (Кадрлік қызмет) басшысы Сатымова Сауле Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 687 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидалары» бойынша және лауазымдық айлықақыны белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу үшін бір қатар кезеңдер есептелетіндігі жөнінде айтып жеткізді.

           

Үшінші сұрақ бойынша ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Г. Тургимбекова Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларының негіздерін түсіндірді.

Жиын барысында туындап қойылған сұрақтарға, заңнамаларға сәйкес тиісті жауаптар берілді.

 

23.01.2018