Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.12.2014

Ғасыр құрдасы


Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев, аудандық  ардагерелер кеңесінің төрағасы Хамитов Біржан Хамитұлы және Бостандық ауданы әкімі аппаратының  әлеуеттік сала бөлімі басшысы Дина Дылдыбаева ауданымыздың ұзақ өмір сүруші тұрғыны, ғасыр құрдасы Коломоец Анастасия Аникеевнаны 100-ші   туған күнімен құттықтады.

Коломоец Анастасия Аникеевна 1914 жылы 20 желтоқсанда туылған. Ұлы Отан соғысы жылдарында  еңбек майданына қатысқан.

1942 жылы Алтай өңірінен Алматы қаласына көшіп келген жылдардан бастап ҚазССР Минкеңесі шаруашылық басқармасында жұмысшы болып еңбектенген.

Анастасия апа үш бала тәрбиелеп өсірген,қазіргі таңда үлкен қызы Тамара Лукиничнаның қолында, немерелерімен бірге тұрады.

Жолдасы 1963 жылы, ал ұлы 2014ж наурыз айында қайтыс болған.

«Ғасыр құрдасы» акциясы Бостандық ауданында дәстүрге айналған шара, қазіргі таңда ауданда 6 ұзақ өмір сүруші, ғасыр құрдастары тұрады, әрине ол кісілер ауданымыздың  мақтанышы.

23.12.2014