Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.11.2018

Бостандық ауданы «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен кездесті


Аудандағы № 69 жалпы білім беретін мектеп базасында «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы алғашқы партия ұйымдарының төрағасы және хатшыларымен кездесіп, партиялық тәртіпті нығайту, мүшелік жарналар төлеу, жаңа партиялық жобаларды іске асыру, бастауыш партия ұйымдарының кадрлық резервтегі жұмысы туралы семинар-кеңес өткізді.

           

Семинарды «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Баймұрат Жамбылов алғы сөзімен ашқты. Ол бастауыш партия ұйымдарының жұмысын талдап, партия жұмысындағы жағымды аспектілерді ескеріп, қатысушыларды шешілмеген мәселелерге назар аударып, әлеуметтік желіні неғұрлым белсенді пайдалануға шақырды. Өз сөзінде Б.Жамбылов партиялық жобалардың қалай жүзеге асырылатыны туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ, партияның кадрлық резервін қалыптастыру туралы сөз қозғады.

           

Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, Алматы электромеханикалық колледжінің директоры Болатжан Бозымбаев БПҰ-на мүшелік жарналарды төлеу және құжаттаманы тексеру үшін инспекцияның нәтижелері туралы айтып жеткізді. Ол партияның мүшелік жарналарын кейбір БПҰ жарна төлегенде берешектерін атап өтті және жарналарды уақтылы төлеуге шақырды. Арыда қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Семинарға кәсіптік білім берудің төрағалары мен хатшылары: емханалардың бас дәрігерлері, колледждер мен мектеп директорлары, мектепке дейінгі мекемелердің басшылары, шағын және орта бизнес өкілдері, жалпы саны 105 адам қатысты.

 

23.11.2018