Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.07.2018

ҰОС ардагерлеріне медициналық қызмет көрсетілді


Алматы қаласы Бостандық ауданы базасында № 17 емхана қызметкерлерімен ауданның Ұлы Отан соғысын ақатысушы ардагерлердің үйінде жылжымалы медициналық қызмет көрсетілді. Аталған емхананың бас дәрігерімен ұйымдастырылған бұл шара «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жоба аясында жүзеге асырылды.

           

Ауданның Ұлы Отан соғысына қатысушы ардагерлер үйден шықпай кардиолог, невропатолог, хирург, терапевт және ЛОР дәрігерлеріне тексеріліп, кеңестерін алды. Сондай ақ диагностикалық көмекке жүгініп: қан экспресс-анализін жасап, ЭКГ зерттеулерінен өтті.

           

 Жылжымалы медициналық қызмет көмегін алған соғыс ардагерлері ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, еңбектеріне жеміс тіледі.

23.07.2018