Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.05.2018

Бостандық ауданында тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларға арналған №2 мектеп-интернатында жаңа футбол алаңы ашылды.


Бостандық ауданындағы тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларға арналған №2 мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің және интернат әкімшілігінің көптен күткен арманы орындалды. Енді интернат тәрбиеленушілері жасанды футбол алаңында алаңсыз доп теуіп денешынықтырумен айналысатын болды.

           

Алаңның ашылуының барлық шығындарыны Қазақстан футбол федерациясы көтерді. Федерацияның Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, УЕФА санатындағы лицензиялық жаттықтырушы - Ялова Мария Васильевна және ҚР спорт шебері, бірнеше мәрте жеңімпаз және ҚР кубогының иегері, IFCPF сертификатталған жаттықтырушысы Корнетсова Сусанна осы балалар үйінің балаларына бір жыл бойы футболмен шынықтырып дайындауда.  

           

Ашылу салтанатына Қазақстандық футбол федерациясының Бас хатшысы Айтхожин Азамат Серікұлы, Әйелдер бұқаралық футбол департаментінің және мини-футболдан директоры Джамантаев Ерлан Айтпайұлы, Алматы қаласы Мәслихат депутаты, еркін күрестен Сидней олимпиадасыынң күміс жүлдегері Ислам Байрамуков, «Қайрат» футбол командасының шабуылшы Чума Анене және футбол ардагерлері қатысты

                                                                                                                                                                            

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Айтхозин Азамат Серікұлы құттықтау сөзінде мектеп оқушыларын жаңа футбол алаңымен құттықтап, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту проблемасы мектепке ғана емес, бүкіл қоғамға да тоқталады. Егер балаларды өз денсаулығын бағалауға, қорғауға және нығайтуға үйрететін болсақ, онда тек осы жағдайда болашақ ұрпақтар тек зияткерлік және рухани тұрғыдан ғана емес, физикалық тұрғыдан да дами беретініне сенімді бола алады,-деді.

Артынан болашақ жас футболшыларды еркін күрестен Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков құттықтады.

                 

Ресми бөлімнен кейін қонақтармен бірге балалар естелік суретке түсіп, аспанға шарлар ұшырып, жаңа алаңның ашу құрметіне футбол матчын ұйымдастырды.

Футбол алаңының ашылуына арналған мереке жағымды қуанышты өтті және балаларға көптеген жағымды эмоциялар қалдырды.

23.05.2018