Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.12.2017

Бірлескен қоғамдық қабылдау өтті


 «Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданы филиалында аудан әкімі, аудандық  прокуратура және ІІБ басшысымен   азаматтардың жеке сұрақтары бойынша бірлескен қоғамдық қабылдау өткізді.

           

Қабылдауды аудан әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы жүргізді.

Шараға алдын ала  жазылған 11  азамат келіп,  өздерінің қойған арыз - шағымдарына  заң шеңберінде тиісті жауаптар алып, қоғамдық қабылдау жұмысына оң бағаларын беріп қайтты.  

           

  Қабылдауға қатысқан азаматтар «ГазПромНефть» ЖШС басшылығына, кәсіпкерлердің әрекеттеріне, зейнетақысын қайта есептеуге көмектесуіне, және аудандық жергілікті полиция қызметіне шағым айтып келген. Сондай ақ жұмысқа орналасуға көмек сұрады.

Ал «Нұр Отан« партиясы өз тарапынан барлық сұрақтарды бақылауға алатынын жеткізді.

       

22.12.2017