Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.09.2018

Мәжіліс депутаты Әзербаев Мухит Бақытұлы азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қоғамдыққ қабылдау өткізді.


«Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде аудан атынан № 20 округ депутаты Әзербаев Мухит аудан азаматтарының жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

                         

Халық қалаулысының қабылдауына ертеден жазылып қойған 5 азамат келді.

Мухит Бахытұлы қабылдауға келген барлық азаматтардың мұң мұхтаждарын мұқият тыңдап, шешімін күттірмейтін сұрақтарды сол сәтте жедел шешіп берді.

Оның ішінде тұрмысы төмен отбасы балаларына мектепке қажетті оқу құрал саймандарын алуға көмектесуге, екіншісі үйнйң шатырын жасап беруге, ал үшіншісі несие мәселесін шешіп беруге келген.

Барлық сұрақтар қаралып, тиісті құзырлы органдармен байланыс жасалып, қажетінше заң шеңберінде шешілді.

Қоғамдық қабылдауға келген барлық азамат қабылдаушыға алғыстарын жеткізіп тарқасты.

22.09.2018