Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.06.2019

Аудан әкімдігі Мемлекеттік қызметшілерді құттықтады


23 маусым – еліміздегі барлық мемлекеттік қызметшілер үшін бірыңғай кәсіби мереке. Аталмыш мереке қарсаңындаБостандық ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері құрметке ие болды.
   

Бостандық аудан әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. «Тәуелсіздіктің 27 жыл ішінде елімізде мемлекеттік қызметшілердің бүкіл буыны өсіп, мемлекеттік саясатты ойдағыдай жүзеге асыруда. «Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады.

Халқымызда «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады» деген дана сөз бар. Сондықтан қашан да жүгі ауыр билік міндетінің ауқымды және мақсатының биік болары барлық мемлекеттік қызметшілердің әрқашан жадында болуы керек. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен бағаланады.», - деді м.Балбаева.

                     

Құттықтау сөзінен кейін, аудан әкімі аппаратының бірқатар қызметкерлеріне көп жылдар бойы атқарған еңбектері мен мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлестері үшін әкім атынан Грамота және алғыс хаттар табыстады.

Іс-шара барысында жас мемлекеттік қызметкерлерді салтанатты түрде ант қабылдады.

         

Өз кезегінде аппарат басшысы Алиярова Батима Жақсылыққызы мемлекеттік қызметкерлерді төл мерекелерімен құттықтап, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агентігінің төрағасы  Алик Шпекбаевтың мемлекеттік қызметшілереге жасаған мәлімдемесін оқып, түсіндіріп берді.

22.06.2019