2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.05.2020

Алматы қаласы суларындағы қауіпсіздік!


Алматы қаласының аумағы арқылы 28 шағын өзен ағып өтеді, сонымен қатар қала ішінде 26 су қоймасы орналасқан, олардың 4-уінде суда шомылуға рұқсат етілген. Суға шомылуға рұқсат етілген орындарды жарияламас бұрын, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 бұйрығына сәйкес карантин режимі жалғасып жатқандығын атап өткен жөн.

 Халықтың шоғырлануынан, аурудың ықтимал көздерімен байланысу қаупі жоғары болғандықтан, судағы қоғамдық демалыс орындарына баруға тыйым салынады.

Суда шомылуға рұқсат етілген орындар:

1) Сайран өзенінің батыс бөлігі Төле би көшесінен оңтүстік бағытқа қарай пирсқа дейін 300 метр;

2) Сайран өзенінің шығыс бөлігі Төле би көшесінен оңтүстік бағытқа қарай;

3) ҮАК бойындағы Д. Қонаев атындағы жағажай аймағы- «Баум» тоғайы;

4) ҮАК бойындағы Д. Қонаев атындағы жағажай аймағы- «Гүлдер» демалыс орны.

Қалған су қоймалары мен тау өзендері (Есентай, Кіші және Үлкен Алматы) қауіпсіз болып саналғанмен шомылуға тыйым салынады!

Бұл жерлерде шомылуға тыйым салынған арнайы белгілер орнатылған! Алматы қаласының ПД, Алматы қаласының ТЖД қызметкерлері судағы (адамдардың суға батуы) оқыс оқиғаларды азайту, болдырмау және алдын алу мақсатында адамдар көп демалатын орындарға күнделікті рейдтік шаралар өткізеді, ал судағы демалыс аймақтарын күнделікті патрульдеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері жүргізетін болады. Ағымдағы жылдың мамыр айында Департамент РЖҚЖ мен бірлесіп 60–тан астам осындай рейдтер жүргізілді6 «Судағы қауіпсіздік шараларын сақтау» тақырыбында 1000-ға жуық ескертпелер таратылды.

2019 жылғы суға бату оқиғаларының алдын алу үшін 287 рейд жүргізіліп, 7000-нан астам жадынаманы таратумен демалушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді; Адамдар тұрмайтын жерлерде суға шомылу үшін 21 адам.

 Суға түсуге рұқсат етілмеген орындарға шомылған 21 адам Алматы қаласы ПД ЖПҚБ қызметкерлерімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2019 жылы Алматы қаласының су қоймаларында 8 адам қайтыс болды (3 жазатайым оқиға, 1 суицид, 1 қылмыстық сипаттағы жағдай, рұқсат етілмеген орындарға шомылу 1 оқиға, баланы ересектердің қарауынсыз қалдыру оқиғасы-1, 1 оқиға мас күйінде шомылу).

Сонымен бірге құтқарушылар судағы апат кезінде 65 адамды құтқарды, олардың 36-сы балалар. Суға шомылу маусымында Департамент қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең көлемді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді және Қызыл жарты ай ұйымы мен еріктілер Лигасының қатысуымен флеш-моб өткізуді жоспарлап отыр, өйткені су объектілерінде мінез-құлық ережелері туралы білімді тарату әсіресе жас ұрпақ арасында өзекті болып табылады.

Сондықтан немқұрайлылық немесе білместік арқылы жасалған қателік ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ, ата-аналарға балаларға суда судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы, белгіленген жерлерде шомылу туралы, суда құтқарудың негізгі әдістері мен тәсілдерін түсіндіруді сұраймыз.

Осындай профилактикалық жұмыстардың арқасында балалар суда дұрыс жүзу мәдениетін қалыптастыру дағдыларын дамытады.

Осыған байланысты, ТЖ департаменті тұрғындар мен қонақтарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, арнайы белгіленбеген жерлерде шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

                                                   Құрметті азаматтар!

Суда демалу қайғылы оқиғалармен аяқталмау үшін, есте сақтаңыздар:

- жабдықталған жағажайларда, суға шомылу үшін арнайы рұқсат берілген және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыз;

- жүзу білмесеңіз, белден жоғары суға түспеңіз;

- жүзу кезінде бір-біріңізден алыстамаңыздар;

- жағажайдан шұңқырлар мен белгілерден асып жүзуге болмайды;

- жүзу білмесеңіз, жүзу шарлары мен үрмелі матрастарды қолданбаңыз;

- қайықтар мен кемелерге қарсы жүзбеңіз;

- қайықтардан, көпірлерден және айлақтардан секірмеңіз;

- суға тым ұзақ түспеңіз, суықтап қалуыңыз және шаршауыңыз мүмкін;

- түнгі уақытта және мас күйінде суға шомылуға болмайды.

 

 

22.05.2020