2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.03.2015

Қош келдің әз-Наурыз!


  Бостандық ауданы әкімі аппараты аудан және қала тұрғындарына арнап   әз-Наурызды қарсы алу мерекесін ұйымдастырды. 

                                                                                                       
 Жыл басы Наурыз мерекесін атап өту ауқымды шара   «Мега Алматы»  сауда сауықтыру орталығының амфитеатр саханасында ұлттық аспаптар  оркестірінің ән шашуымен ашылып, қасиетті адраспанмен аластау  және  Қыдыр атаның бата берімен басталды.


 Мерекеге жиналған қонақтарды аудан әкімі Торғаев Бекқали Нұрғалиұлы  құттықтап, барша жұртқа зор денсаулық, қажымас қайрат пен бейбіт өмір  тіледі.

 Бүлдіршіндердің шаттық күлкісі, концерттік бағдарлама, көп  ұлтты этно-орталықтармен жайылған дастархан, наурыз көже,  бауырсақ, палау – осының бәрі әз- Наурыз мейрамын қарсы алуға  арналды.    Мерекені көпшілікпен бірге өткізуге жиналған тұрғындар мен қонақтардың қарасы қалың болды.                                                                 

Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.

22.03.2015