Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2018

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі Торғаев Бекқалидың тұрғындар алдында есептік кездесуі Орталық қалалық клиникалық аурухана базасында өтті.


 Кезедсуге Алматы қаласы мәслихат депутаты, қалалық басқарма басшылары, аудандық құрылымдық бөлім басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ПИК, Өзін-өзі басқару комитеті  төрағалары  мен аудан тұрғындары қатысты.

           Есептік кездесуге жиналғандар алдында ауданның әлеуметті-экономикалық дамуына қорытындысы бойынша есеп берген аудан әкімі Бекқали Нұрғалиұлы ауданның көріктендіру жұмысына жауап беретін маңызды саланың жұмысын айрықша атап өтті. 2017 жылы алып шаһарымызда оның ішінде Бостандық ауданында «Жаяу жүргіншілерге арналған қала» концепциясының аясында Байқадамов бульвары, Біржан көшедегі жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жұмыстары, Байтұрсынов көшесінің  күрделі жөндеуден өтуі, Қ.Сәтбаев ескерткішінің маңы  және Тимирязев көшесі ағымдық жөндеуден өткендігі туралы айтты.

           

Арық жүйелері мен өтпелдердің  ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. 2017 жылы 6,3 км арық жүйелері жөнделді. Биылғы жылы жөндеу жұмыстары 7,4 км. сондай-ақ ұзындығы 11,4 км жаңа арық желілерін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде.

           

Алматы қаласының 2016-2020 жылдарға арналған «Қауіпсіз қала» даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Ақтөбе» ы/а көпірдің қалпына келтіру-жөндеу жұмыстары мен Бағанашыл ы/а қауіпті учаскелердегі қар көшкінін ұстау қабырғаларын ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Осы мақсатта төтенше жағдайларды жою, материалдық шығындарды азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің резервінен 646,6 млн. теңге бөлінген.

           

Жиынның ресми бөлімінен кейін тұрғындар мен атқарушы органдар арасындағы сындарлы диалог түрінде тұрғындарға қатысты мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.Атап айтқанда, әлеуметтік саладағы мәселелер, жақсарту, ҚСҚ қызметі және Бостандық  ауданын одан әрі дамыту.

           

Аудан әкімі барлық сұрақтарға құзыретті және жан-жақты жауаптар берді, сонымен қатар тұрғындармен көктерілген кейбір сұрақтар  аудан басшылығының жеке бақылауына алынды.


22.01.2018