Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.12.2017

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос орындар жәрмеңкесі өтеді


  Қазіргі уақытта Қазақстанда цифрландыру электронды    қызметтер жүйесін жетілдіру жобасы жүзеге асырылуда.

  Осынған байланысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агентігінің тапсырмасын орындау, сондай ақ электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметті көпшілікке тарату мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агентігінің қолдауымен және Бостандық ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен  2017 жылы 25 желтоқсан күні сағат 10.00-де Алматы қаласы Бостандық ауданында  «Мега - Алматы» ССО-да Розыбакиев көш, 247, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өтеді.

 Шараның мақсаты:  электрондық қызметтерді насихаттау және олардың сапасын арттыру, жемқорлық байланыстарын азайту, электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларын интерактивті үйрету, электронды мемелкеттік көрсетілетін қызметті пайдалануды халық арасында насихаттау.

 Жәрмеңке шеңберінде онлайн-қызметтерді ұсыну мүмкіндігін кеңейту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу дағдыларын интерактивті оқыту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

   Шараға білім, денсаулық сақтау, архитектура, жер мәселелері, тұрғын үйлер, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту салалары бойынша қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін Алматы  қаласының жергілікті және құрылымдық органдарының білікті мамандары қатысады.

 

21.12.2017