Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

Бостандық ауданы әкімінің қоғамдық қабылдауы өтті


«Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында Бостандық ауданының әкімі Рақымбетов Алтай Ерғазыұлы және Бостандық ауданы полиция бөлімінің басшысы Утебаев Дәурен Омарбекұлы бірлесе қоғамдық қабылдау өткізді.

           

Шара барысында қабылдауға жазылып келген 6 адамның  өтініш арыздары тыңдалды, оның ішінде жұмыс теліміне кен өндіру тәжірибесін есепке алмау, сондай-ақ емдеуге квота алу,  жол  полициясы қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері, тұрғын үй аулаларында санитарлық-тазарту жұмыстарын жүргізу және аулаларды абаттандырусияқты сұрақтар қарастырылды.

           

Алтай Ерғазыұлы азаматтардың барлық сұрақтарына заң шеңберінде түсініктеме беріп, тиісті қызметтерге қойылған сұрақ шағымдарын тез арада жою бойынша  шаралар қабылдауға  бірқатар тапсырмалар берді.

21.11.2018