Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Мемлекеттік қызметшілердің туысқандарына олардың жұмыс орындарын таныстыру «Ашық есік күні» өтті


2018 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппаратында «Отбасы күнін атап өту шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің туыстарына олардың жұмыс орнын таныстыру бойынша «Ашық есік күні» өтті.

           

Акцияның негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілер туыстарының олардың жұмыс орындарымен танысу болып табылады.

           

Акция барысында Бостандық ауданы әкімі аппаратының басшысы – Әдеп жөніндегі уәкілі Батима Жақсылыққызы Алиярова қонақтарды әкімдіктің құрылымы, еңбек жағдайымен және мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмысымен таныстырып, үлгілі мемлекеттік қызметшілер туыстарын, олардың тәрбиесіне қосқан ерекше үлесін атап өтті.

           

Жас мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарын нығайту және мотивациясын арттыру мақсатында олардың ата-аналарын алғыс хаттармен марапаттады.

21.09.2018