Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.06.2019

Ботаникалық бақ жөндеуге жабылды


Алматы қаласы Бостандық ауданы аумағында орын тепкен ботаникалық бақ күрделі жөндеу жұмыстар жүргізту мақсатында 2019 жылдың 1 шілдесінен 1 қарашаға дейін жабылды.

 

«Ботаникалық бақ қазіргі уақытта жоспарлы және қоғамдық келісілген реконструкция жұмыстарын жүзеге асыруға кірісті, жер жұмыстары мен инженерлік жұмыстарды жүргізу үшін барлық қажетті рұқсаттар алынды», - деп хабарлады Болат Өтемұратов Қоры.

Қазіргі таңда бақшада жол салу жұмыстары жүргізілуде (тротуар, жаяу жолдар желісін салу, экологиялық жолдарды толықтыру, гранит төселген тастар салу), кіреберіс павильондарын салу (қазбаларды дайындау, бетон жұмыстар) басталды, суару және суару жүйесін құру үшін инженерлік-техникалық жұмыстар жүргізілуде), электр сымын және жарықтандыру және бейне бақылау жүйелерін орнатылуда.

Бақ ішіндегі қалпына келтірілетін жерлерде ірі және ауыр құрылыс техникасы тартылып жер жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан да жазғы демалыс кезінде келушілер оның ішінде балаларды түрлі қауіптен сақтау мақсатында бақшаға кіру жұмысы тоқталды.

Біз Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан баққа уақытша кіруге мүмкіндіктің болмауына байланысты кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарайды деген  үміттеміз», - деп түсіндірді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Алматы қаласының Ботаникалық бағын қайта құру 2018 жылы басталды. Жобаны Болат Өтемұратов Қоры Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен Ботаника және фитоинтеграция институтының сұранысы бойынша бастады.


21.06.2019