Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.06.2018

Аудан мектептерінің, колледжінің медицина қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді


Алматы қаласы, Бостандық ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) Ұлттық бірыңғай тестілеуді қабылдайтын пунктерде санитариялық - эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, менингококтық инфекциясының алдын - алу шараларын ұйымдастыру жұмыстары бойынша семинар-кеңес ұйымдастырылып өткізілді.

           

Семинар - кеңестің мақсатты аудитория құрамын,Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан аудан мектептерінің, колледжінің медицина қызметкерлері   құрады.

Семинар барысында тамақтануды ұйымдастыру және медициналық қызмет көрсету, ауыз суды пайдалану ережесі, жеке бас тазалығын сақтау жағдайының қамтамасыз етуі, «Менингококтық инфекциясының алдын-алу шараларын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша білім беру мекемелерінің медицина қызметкерлері қажетті сұрақтарына   мардымды мағлұмат алды.

21.06.2018