Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.04.2017

Бостандық ауданы активі Елбасының мақаласын талқылады


 20 сәуір күні Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратында  аудан активі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру»   атты мақаласын талқылады.

 Шараға аудан әкімінің орынбасары Саят Болатұлы Ағыбаев, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі төрағасы, "Тұран" университетінің ректоры - Алшанов Рахман Алшанұлы, Алматы қаласы Маслихат депутаты, Алматы қаласы Қоғамдық келісімнің мүшесі,  2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиаданың күміс жүлдегер,  Қазақстан Республикасының еркін күрестен еңбек сіңірген спорт шебері -  Ислам Илясұлы Байрамуков, Бостандық аудандық ардагерлер мен зейнеткерлер кеңесінің төрағасы Біранов хамид Біржанұлы, ардагерлер, халық қалаулылары, мемлекеттік орган жетекшілері, кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері және білім,денсаулық сақтау саласы басшылары мен аппарат қызметкерлері қатысты.

          

 Жиын барысында Р. Алшанов баяндама оқып,  «Мемлекет басшысы     Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында еліміздің болашақ даму бағыты айқындалды. Біз – бірлік пен берекені, тұрақтылық пен өзара келісімді нығайта отырып, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын нақты жүзеге асыра бастадық. Осы жолда Елбасы қоғамның, әрбір ел азаматының санасын жаңғыртудың нақты бірнеше басым бағыттарын нақтылап берді. Мұнымен қоса, Президент мақалада мемлекеттің бәсекеге қабілетті болуын ерекше атап өтті. Әлбетте, кез келген ортада бәсекеге қабілетті болу – табысты адамның формуласы. Ол бүгінгі заманның талабы,-деді Р.Алшанов

          

  Сондай-ақ, Елбасы Қазақстанда латын әліпбиін қолданысқа енгізу мәселесіне де ерекше мән беру қажеттігін алға тартты. Күн сайын қарқынды дамып жатқан заманауи технология, коммуникация және инновацияның техникалық тілін жедел меңгеруде латын қарпінің рөлі айрықша маңызды болмақ, – деп атап өтті.

          

 Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржанов Хамид Біржанұлы, Алматы қаласы Маслихат депутаты Ислам Байрамуков баяндама жасап, өздерінің қөзқарастарымен бөлісті.

         

 Жиын барысында мақалада көрсетілген «Ұлттық сана», «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «100 жаңа есім», «Мәдени-географиялық белдеу», «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» және өзге де мәселелер турасында кеңінен әңгіме қозғалып, қатысушылар тарапынан қолдауға ие болды. 

21.04.2017