2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2020

Ауданда азаматтық қорғаныс жаттығулар өткізілді


Ауданда жедел жәрдем, азаматтық қорғаныс қызметтері пысықталды.

Ағымдағы жылдың 20 ақпанында № 140 Гимназия базасында Бостандық ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, Бостандық ауданы әкімімен және Алматы қаласының азаматтық қорғау қызметтерімен бірлесіп «Құрама эвакуация орталығы әкімшілігінің әрекеті» және «Жер сілкінісінен кейін халықты тіркеу» командалық-штабтық жаттығуларн өткізілді.

 

Іс-шараның мақсаты халықтың жедел эвакуациялау пунктіне жинау, оны тіркеу және жедел қабылдау пунктіне баруына дайындық, сондай-ақ халықты белгіленген  жерге көліктермен тасмалдау.

 

Жаттығу барысында төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс бөлімшелері халықты тіркеу және эвакуациялық бекетіне жинау шараларын пысықтады.

 

Жалпы, барлық тартылған қызметтер тиісті деңгейде өздеріне жүктелген міндеттерді орындады және кез-келген төтенше жағдайларға дайын екендіктерін тағы бір көрсетті.

 

Жаттығу іс шарасына Бостандық ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, азаматтық қорғау қызметі, жергілікті атқарушы орган, апаттық-құтқару қызметі, медициналық қызмет, сумен жабдықтау, энергия және көлік құралдары, сонымен қатар колледж студенттері мен № 140 мектеп әкімшілігі қатысты.

 

Осындай сейсможаттығулар жыл сайын ауданда жоспарланған түрде өткізіледі.


21.02.2020