Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.12.2017

Ауданда тағы бір тегін мұз айдыны ашылды


  Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан  VILLA Boutiques & Restaurants алдында жаппай сырғанауға арналған тағы бір тегін мұз айдыны ашылды.

         

Сырғанақ аудан тұрғындары мен қала қонақтары үшін екі техникалық үзіліспен (мұзға байланысты) тәулік бойы тегін жұмыс істейтін болады. Бұл осыған дейін салынған мұз айдындарының ішіндегі көлемі жағынан  ең кішісі. Сондай ақ алаңда конькиді жалға беру және тамақтану орыны қарастырылған. Олар демалыс күндері 11:00-ден 23:00-ге дейін, ал жұмыс күндері 12:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Конькиді 1 сағатқа жалға алу 600 теңге болса, 1 сеансқа (3 сағат) 1 500 теңге. Келушілер өз конькиімен тегін сырғанауға да болады.

           

Мұз айдынның ашылу рәсімінде көптеген балалар мен ата-аналар қатысып, олардың көңілін мультсериалдардағы батырлар мен аниматорлар аулады.Естеріңізге сала кетсек, желтоқсанның бірінен бастап осындай тегін мұз айдындары Жібек жолы - Абылай хан көшесінде, Қазақстанның Тұңғыш Президенті саябағының алдында, «Март» сауда орталығы маныңда, Спартак стадионында және Дубок ықшам ауданында ашылған болатын. Жақын арада тегін мұз алаңдары Алатау және Наурызбай аудандарында іске қосылады. 

         

20.12.2017