Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.11.2018

«Ұстаз мәртебесі – ұлт мерейі» атты байқау өтті


Алматы қаласы  Бостандық ауданындағы білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында  Қасыл Қатықбаева атындағы «Ұстаз мәртебесі – ұлт мерейі» атты байқау өтті.

           

Жас ұрпақтың бойына рухани   құндылықтар қалыптастыруды және бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуді қамтамасыз ететін жаңашыл тәрбиені насихаттап, педагог   мәртебесін арттыру мақсатында өткізілген байқауға ауданымыздың жалпы білім беру ұйымдарының қазақ тілінде оқытылатын мектептердің пән мұғалімдері қатысты.

  Байқау талапқа сай 3 кезеңнен өткізілді:

1. «Ұстаздық мерей биігіне!» номинациясы (жеке өзінің тұжырымдамасы және оны қорғау)

2.«Функционалдық сауаттылық-замануи қоғам талабы» номинациясы (ашық сабақ   өткізу)

3. «Өз жеріңді танып біл» номинациясы ( тәрбие сағатын өткізу).

           

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орын келесідей анықталды:

Бас жүлде - №140 гимназияның информатика пәні мұғалімі Турумбетов  Нургали Асанұлы;

І-  орын  - Мадигулова Жанна Рапильбекқызы №69 ЖББМ  бастауыш сынып мұғалімі;

ІІ- орын - Искакбаева Анар  Сериккулқызы№65 ЖББМ   қазақ тілі пәні мұғалімі;  

ІІІ - орын - Букеева Гульнар Бейсемханқызы, «№88 ЖББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі   иеленді

Байқауға қатысушылар аудандық   білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталып, сый-сияпаттарға ие болды.



20.11.2018