Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.06.2019

Аудандағы ірі өндіріс кәсіпорындарын аралады


Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Пазылхайыр және Алматы қаалсы Кәсіпкерлік және инновациялар басқармасының басшысы Бақытжан Наурызбеков жұмыс сапарымен аудандағы ірі өндірістік кәсіпорындарында болды. Атап айтқанда «Конкрит Продакс» ЖШС, «Беккер и К»ЖШС және «RaimbekBottlers» ЖШС.

  

Жұмыс барысында ауданның өнеркәсіптік көлемінің негізгі бөлігін құрайтын 3 ірі кәсіпорынның жұмысымен танысты. Олар даму перспективаларын, жұмыс орындарын құру, компаниялардың жұмыс жүктемесін, мемлекеттік қолдау бағдарламаларын, сондай-ақ проблемалық мәселелерді талқылады.     

 

«Конкрит Продакс» ЖШС, қазақстандық бетон өндірісі нарығында жетекші компаниялардың бірі, кез келген ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіру, жаяу жүргіншілер жолдары мен платформаларын салу бойынша құрылыс және құрылыс материалдарын өндіруші. Тапсырыс берушілер - «Базис-А», «BI Group», «Elite Stroy», «RAMS Kazakhstan» және басқа ірі құрылыс компаниялары.

 

«Бекер және К» ЖШС ет, нан-тоқаш, ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді, аспаздық өнімдерді және мұздатылған тағам өнімдерін шығаратын жетекші компаниялардың бірі болып табылады.                                                                                                                                                        

«Raimbek Bottlers» ЖШС Қазақстанда шырындардың жетекші өндірушісі, картон қораптағы шырындар мен сусындар нарықта 32% үлесін құрайды. Барлық Raimbek Bottlers өнімдері бүкіл әлемнен Қазақстанға жеткізілетін жоғары сапалы шикізаттан жасалады.

20.06.2019