Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.04.2017

Ауданда МӘМС ақпараттық түсіндіру жұмысы жалғасуда


 Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығы» КММ, Бостандық аудандық жұмыспен қамту бөлімі, Бостандық ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің қызметкерлеріне арналып Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізту бойынша семинар өтті.

             

 МӘМС енгізту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының мақсаты - МӘМС жүйесінде адал қоғамдық пікірді және сенім қалыптастыру, МӘМС секторындағы ахуалды жақсарту және медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ МӘМС жұмыс істеуін мақсаттары мен принциптері туралы түрлі топтарын хабардар ету.

 Семинарға Бостандық аудандық медицина бірлестіктерінің бас дәрігері-Тажиева А.Е., ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері бағдарлама спикері, № 9 қалалық емхананың бас дәрігері -Мусаева А.М., Бостандық ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы - Сәдібек Қ., хатшы Турмаханбетов Б.М. және Бостандық ауданы жұмыспен қамту бөлімі қызметкерлері қатысты.

  Семинарды алғы сөзімен ашықан аудандық медициналық бірлестіктер басшысы - Тажиева А.Е.міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында басымдығын атап өтілді.

           

  Бағдарлама спикері - Мусабаева А.М. МӘМС жүйесінің негізгі ережесі туралы  фото слайд сүйемелдеуімен толықтай түсініктеме берді.

   Соңынан тыңдаушылар өздерін толғандырған сұрақтар қойып, ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінен жауаптар алды.

 

 


 

20.04.2017