2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.03.2015

Ислам мәдениетіне арналған көрме ашылды


Алматықаласы Бостандық ауданындағы Мемлекеттік орталық мұражайда «Ислам мәдениетінің құндылықтары» атты көрме ашылды. Көрменің ашылу рәсіміне Қазақстандағы Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Мысыр мәдени орталығы басшысы, атташе Хамдан Ибрагим, «Нұр-Мубарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор, доктор Жуда Абдулғани Басюни қатысты. 

Көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты - қалың жұртшылықты ҚР Мемлекеттік Орталық мұражай қорындағы экспонаттардың негізінде исламның ерекшеліктерімен таныстыру.

Бүгінгі күні музейде сақталып отырған ислам мәдениетіне қатысты құндылықтардың негізгі бөлігін араб, парсы, түрік, шағатай, татар, өзбек, қазақ тілдеріндегі сирек кездесетін қолжазбалар мен бірегей басылымдар құрайды» - деді көрменің ашылу рәсімінде ҚР Мемлекеттік Орталық музейі директорының бірінші орынбасары Бейбітқали Қақабаев.

Сонымен қатар, көрмеге осы жазба ескерткіштермен қатар, Орта Азия мен Қазақстан аумағында ортағасырларда билік құрған Қарахан, Жошы, Шағатай, Темір әулеттерінің және Осман империясы, Елхан, Қырым, Бұхар, Қоқанд хандықтарының, Мысыр, Ауғанстан елдерінің күміс, мыс монеталары да қойылған.

Олардан басқа дәстүрлі қазақы ортада кеңінен қолданылған кестеленген жайнамаз, таспиық, оқу құралы ретінде пайдаланылған жылқының жауырын сүйегіне жазылған әліпби, алуан түрлі діни мазмұнды мәтіндермен өрнектелген ағаш қалыптар, ыдыс-аяқ сияқты бұйымдар да көрме төрінен орын алған.

Сондай-ақ, көрмеден оның тақырыптық мазмұнын аша түсетін түпнұсқа фотосуреттер, қосымша иллюстрациялар, Түркия, Мысыр Араб Республикасы және Иран Ислам Республикасы мәдени орталықтарының мұсылман құснихатымен көркемделген жәдігерлерін де көруге болады.


19.03.2015