Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.12.2014

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық шырша


Тұңғыш Президент қоры мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жылдық шырша мерекесін ұйымдастырды.

ҚР Тұңғыш Президентінің қорының жыл сайын ұйымдастыратын жаңа жылдық мерекесінемүмкіндіктері шектеулі 300 бала қонақ болды.

Биылғы жаңа жылдық мерекеге Ұлттық ғылыми-практикалық педагогикалық коррекция орталығының, «Аутизмді жеңеміз» қоры, «АРДИ» орталығы, «Кеңес» және «Томатис» орталықтары, «Ашық әлем» біріккен қоры, «Эльдани» қорының тәрбиеленушілері мен №8 қалалық емхананың емделушілері келді.

Бүлдіршіндерге арнап қойылған «Су астындағы жаңа жыл» бағдарламасындағы ертегі кейіпкерлерін өз көздерімен көрген балалардың қуанышында шек болмады.

Сонымен қатар Аяз ата мен Ақшақар қызықты ойындар өткізіп, балалардың көрсеткен өнерлері үшін сыйлықтар сыйлады. Ал мерекеге келе алмаған мүгедек балаларға сыйлықтар үйлеріне барып таратылды.

19.12.2014