Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.05.2017

«Атакент» ҚІЫО-да «Жол үстіндегі қабылдау» республикалық акция өтті


 Бостандық ауданы  ІІБ  және «Нұр Отан» партиясының бастамасымен ауданда  «Жол үстіндегі қабылдау» жыл сайынғы республикалық акциясы өтті.  Акция халыққа құқықтық білім беріп, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы көпшілікті ақпараттандыруға бағытталған.

           

  Жергілікті полиция қызметінің және ІІД Әкімшілік полиция басқармасы  мен «Нұр Отан партиясы Бостандық ауданы филиалының мамандарының бірлесуімен «Атакент» ҚІЫО аумағында жол үстінде  азаматтарды қабылдады.

           

    Қабылдау жұмысына құқық қорғау органдарының мамандары Алматы қаласы Бостандық ауданы жол полициясы аға инспекторы, майор -  Кулмағамбетов Даулет, Наурызбай ауданы аға инспекторы, аға лейтенант -  Қанат Үндеуов,  Бостандық ауданы ІІБ ювеналды бөлімінің төрағасы, капитан -  Аширова Айжан, Бостандық ауданы ІІБ ЖПҚ учаскелік инспекторы, полиция капитаны - Смагулов Гайдар қатысты.

Акция аясында аудан тұрғындарына құқықтық  кеңестер берілді.

           

   Шара барысында  қала тұрғындарымен жол жүру ережесінің өрескел бұзылуы, автокөлік жүргізушілерімен жаяу жүргіншілерді елемеуі, автокөліктердің тротуарлар мен бардюрлерге тұрақтауы және тағы басқа сұрақтары қойылды.

Аталған акция аудан бойынша жол қозғалысына қатысушы мамандарымен тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Акцияға қатысқан барлық азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарға құқықтық кеңестер алды.

 

19.05.2017