Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.04.2017

«Мағжан оқулары» аудандық байқау өтті


  2017 жылдың 15 сәуірде Алматы қаласы Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында Бостандық аудандық білім бөлімінің қолдауымен 5-11 сынып оқушылары арасында «Мағжан оқулары» атты аудандық   байқау өтті.

 Сайыс төменгі номианция бойынша өтті.

«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім" - Мағжан шығармаларын жатқа оқу, «Толқынментолқынсырласып...» - зерттеушілік жұмыстар байқауы, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған»-жас дарындар байқауы.

           

 Қазылар алқасы бірінші номинацияда сайыскерлердің дауыс ырғағына, жатқа оқу мәнеріне, сахна мәдениетін игеруіне, есте сақтау қабілетіне, тіл мәдениетіне, актерлік шеберлігіне ден қойса, екінші номинацияда зерттеушінің тақырыптың өзектілігін аша алуына, оны бүгінгі күннің проблемасымен үндестіре білуіне, теориялық біліміне мән берді, ал үшінші номинацияда оқушы өлеңінің ой тереңдігіне, негізгі идеясына, тіл көркемдігіне, сөздік қорына, өлеңнің құрылысына, берілген тақырыпты игеруіне зер салды.

           

Сайыс қорытындысы бойынша  жеңімпаздар:

1. «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім" - номинациясы бойынша Бас жүлде- №40 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Елубай Гүлдана,

2. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» -номинациясы бойынша Бас жүлде   №63 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Әбдіқадырқызы Ақерке,

3. «Толқынмен толқын сырласып...» - номинациясы бойынша Бас жүлдені   №140 гимназияның оқушысы Керимбаев Ерболат жеңіп алды. 

                 «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім" - номинациясы бойынша

 I орынды№140 гимназия оқушысы Ұзақбай Жалғас,

«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - номинациясы бойынша

I орынды - №183 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Сериков Қуаныш иеленді.

«Толқынмен толқын сырласып...» - номинациясы бойынша

I орын№81 мектеп-гимназия  оқушысы Абетай Айжүрекке бұйырды.

              «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім" - номинациясы бойынша

II орынды  - №40 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Дәулеткерім Назерке женіп алса,

                «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - номинациясы бойынша

II орынды   №40 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Күзембай Қадырхан және №146 мектеп-лицей оқушысы Сұлтанбек Айгерім иеленді.

              «Толқынмен толқын сырласып...» - номинациясы бойынша

II орынды   №138 гимназияң  оқушылары  Жүнісбай Нұрәділ және Касимова Гулнура иеленді.

               «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім" - номинациясы бойынша:

III орынды   №92 мамандандырылған лицей оқушысы Мұхаметқали Мұхтар, №23 мектеп-гимназия оқушысы Лобас Даяна,  №45 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Маратқызы Диана женіп алды.

               «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - номинациясы бойынша:

III орынды  №145 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Ильясова Айым және №94 мектеп-гимназияның оқушысы Укебаева Дильназ иеленді.

«Толқынмен толқын сырласып...» - номинациясы бойынша

 III орынды  №183 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Дариджан Мадина, 145 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Кенжебай Гауһар, және №146 мектеп-лицейдің намысын қорғаған  Ғалымбекова Еркежан иеленді.

Сайысқа жеңімпаздары Бостандық ауданы Білім бөлімінің атынан  грамота  және   естелік сыйлықтармен марапатталды.

19.04.2017