Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.04.2017

«Жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті


  2017 жылы 17 сәуір күні  Бостандық ауданы №9  сөйлеу қабілеті қиын балаларға арналған мектеп-интернаты директоры Злакозова Ирина Алексеевнаның жетекшілігімен мектеп әкімшілігі «Жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау» дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.

 Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық бөлімінің бас маманы -Рахманбаев Дінмұхамед Асхатұлы қатысты.

           

   Шараны алғы сөзімен ашқан мектеп - интернет директоры  Злакозова Ирина Алексеевна салауатты өмір салты еңбек қызметін жақсартып, физикалық және эмоциялық жайлылықты жасайды, аурулармен сырқаттанушылықты төмендетеді, деп атап өтті. Ол сондай-ақ, әсіресе, жастар арасында, салауатты өмір салтын насихаттау маңыздылығын атап өтті.

 Кездесу барысында білім беру мекемелері жұмысын танымал және тиімді ету, салауатты өмір салтын насихаттау, балалар, ата-аналар мен мұғалімдер үшін ашық сабақтар, семинарлар мен дәрістер, оның ішінде алдын алу күнін өткізу керек деген тұжырымға келді.

           

 Артынан балалармен «Есірткіге жол жоқ»,  «Жағымсыз әдеттерден қалай арылу керек», «Есірткісіз болашақты таңдаймыз» сияқты тақырыптар талқыланды.

19.04.2017