2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2020

Азаматтарды біріңғай қабылдау күні өтті


Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау аясында осы жылдың 18 ақпанында «Азаматтарды біріңғай қабылдау күні» жалпыұлттық іс-шара өтті.

 

Орталық мемлекеттік органдардың басшылары және барлық деңгейдегі әкімдер ел тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдап, олардың уәждерін тыңдады және мәселелерді шешу бойынша бақылауға алды.

 

Бостандық ауданының әкімі Алтай Рақымбетовтың қабылдауына алдын ала жазылған оншақты адам келді.

 

Аудан басшысына қойылған сұрақтар әр түрлі. Мысалы, 1-топ мүгедегі Омарбекова Дина Болатқызы қымбат дәрі-дәрмектерді сатып алуға және сауда жасайтын орынмен қамтамасыз етуге көмек сұрады, екінші кісі Өмірзақова Күләш Ермағанбетқызы үйінің қасындағы санитарлық жағдайды «RK Ordasi» ЖШС құрылысшыларының бұзғаны туралы шағым жасады. Aл Бағдат Сатылғанов кешегі қалың жауған қардан кейін ағаш түбі кабельге құлады, соны кесуге көмек сұрады. Сол сияқты жұмыспен қамту, жылу және коммуналдық тұрғын үйге қатысты басқа да мәселелер айтылды.

 

Іс-шара осымен екінші рет өткізіліп отыр және Президент Әкімшілігі өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің бастамасымен жүзеге асырылуда.

19.02.2020