Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.01.2018

ХҚКО-на рейд жүргізілді


 2018 жылдың 18 қаңтарында «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының ПБҚК мүшелері «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» партиялық жобасы аясында Алматы қаласы  Бостандық ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының  жұмыс барысы мен  сапасын тексеру мақсатында рейд жүргізді.

           

Тексеру барысында Бостандық ауданы ХҚКО-на өз шаруаларын тындыруға келген 15-тен астам келушілерден сұхбат алды, мемлекеттік қызмет көрсету залдары, ақпараттық стендтер тексерілді. Кезектердің жылжу ағымы қаралды, қызмет көрсетудің орташа күту уақыты 8-10 минуттан аспады.

           

Сондай ақ рейд барысында ХҚКО қызметкерлерінің ықтимал іс-әрекеттері қосымша құжаттар сұранымдары, негізсіз бас тарту, мемлекеттік қызмет көрсетуді кешіктіру, жұмыс кестесін сақтамау және басқа да мәселелер бойынша тексерілді. Бұл іс-әрекеттер үшін ешқандай заң  бұзушылықтар анықталмады.

           

Жалпы алғанда, Бостандық ауданы ХҚКО-ң жұмысы қанағаттанарлық деңгейде.

 

19.01.2018