Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.12.2014

Алматылықтар Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды


Бостандық ауданы базасындағы шаһарымыздың басты алаңында  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Тәуелсіздік монументі алдында салтанатты жиын болып өтті.

   Жыл сайынғы дәстүр бойынша алдымен монумент жанына салтанатты қарауыл қойылды. Содан кейін Алматы қаласының әкімдігі, Ұлы Отан соғысы мен Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар және Алматы қаласы жастарының ұйымдары кезекпен Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. 

Күннің суықтығына қарамастан   салтанатты жиынға келген алматылықтар да монументке гүл шоқтарын қойды. 

Жиын соңында, ҚР Құрлық әскерлерінің әскери институты мен радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының  курсанттары  рәсімге жиналғандар алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.

18.12.2014